Шымкентте 26 113 балаға әлеуметтік көмек көрсетілген.
Төтенше жағдайға байланысты атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 6-18 жас аралығындағы балаларына азық-түлік және тұрмыстық жиынтық негізінде 5567 теңгеден қаржылай қолдау көрсетілуде.
Шымкент қаласы бойынша осындай 11.298 отбасындағы 26.113 балаға жалпы сомасы 145 371 мың теңге қаржы аударылып, әлеуметтік көмек көрсетілді.
Еске сала кетейік, 15-наурыз күнінен бастап елімізде төтенше жағдай енгізілді. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатындағы шара 15 сәуірге дейін жалғасады. Бұл аралықта республика бойынша белгілі бір тәртіп орнап, бірқатар шектеулер қойылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Соған байланысты мемлекет басшысы төтенше жағдай кезеңінде нақты шараларға қатысты тапсырма беріп, уақытша шектеулер енгізді. Атап айтқанда. Қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін.