ШЫМКЕНТТЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ГОСПИТАЛЬ САЛЫНБАҚ

Шымкентте 1456 төсек орынға арналған карантиндік стационарлар қарастырылған. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова мәлімдеді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласына кіретін жолдарға 18 блок-бекет қойылған. Онда 18 жедел медициналық жәрдем бригадасы, бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарынан 45 орта медициналық қызметкер (фельдшерлер, медбикелер) 3 кезекте жұмыс істеуде. Блок-бекеттердегі медициналық пункттер 52 байланыссыз термометрмен, обаға қарсы 71 костюм жиынтығымен жабдықталған.

Шымкент қаласы бойынша қажет төсек-орындар, госпитальдар толық дайын. Нақтырақ айтқанда, қалада барлығы 680 төсек-орынға арналған провизорлық стационарлар бар (қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы – 180 төсек, «Мейірім» оңалту орталығы — 120 төсек, «Атамекен» медициналық орталығы — 380 төсек).

1456 төсек-орынға арналған карантиндік стационарлар қарастырылған. Сондай-ақ, 200 төсек-орынды жедел салынатын инфекциялық госпиталь салу мәселесі қарастырылуда.

Айта кетейік, осы сағатта коронавирус инфекциясын жұқтырған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 191 адам, Алматы қаласында – 90 адам, Қарағанды облысында — 21 адам, Ақмола облысында — 19 адам, Атырау облысы — 18 адам, Жамбыл облысында -5 адам, Шымкент қаласында — 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам,Алматы облысында — 9 адам, Ақтөбе облысында — 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 6 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам, Қызылорда облысында — 25 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, Түркістан облысында — 5 адам, жалпы 402 науқас тіркелді

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*