Шымкент қаласындағы ірі сауда орындарының іргелес жатқан аумақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.
Кезекті дезинфекциялау жұмыстары Тәукехан даңғылы, «Магнум» сауда маркетінде жүргізілді. Оған 35748 әскери бөлімнің 30 қызметкері және 1 АС машина жұмылдырылған.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында сақтық шаралары күшейтілуде. Қалада 18 блокпост жұмыс істеуде.
Еске сала кетсек, Шымкентте 31 наурыз күні сағат 21.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізілді. Атап айтсақ, қалаға кіретін барлық жолдар жабылды. Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынды. Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі.
Айта кетсек, осы сағатта елімізде індетті жұқтырғандар саны артып отыр. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 191 адам, Алматы қаласында – 90 адам, Қарағанды облысында — 21 адам, Ақмола облысында — 19 адам, Атырау облысы — 18 адам, Жамбыл облысында -5 адам, Шымкент қаласында — 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам,Алматы облысында — 9 адам, Ақтөбе облысында — 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 6 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам, Қызылорда облысында — 25 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, Түркістан облысында — 5 адам, жалпы 402 науқас тіркелді.