АУЫЗҒА ТҮКІРУ ЫРЫМЫ

Ауызға түкіртіп алу -аты аңызға айналған, ел таныған ақындар мен шешендер, дуалы ауыз билер мен ақсақалдарға ежелгі дәстүрлі ырымдардың бірі. Қазақтың бұл ырымы ел ішінде әлі де жасалып келеді.

Оның орындалуы, ишара түрінде, ауызға түкіру нышаны ғана жасалады. Халқымыздың ырымы және сенімі бойынша жоғарыда аталған адамдардың қасиеті мен өнері сәбилер мен жас балаларға қонады деген түсінік болған. Бұл кейін балаға да, оның ата-анасына да әсер еткен және оны мақтаныш тұтқан.


Тарихшы-этнографтың да пікірін білдік. Ардақ Беркімбайдың айтуынша, ырым тек атақты, беделді, білімді азаматтар ырымын жасап, баланың аузына түкіргендей қимыл жасайды.

«Ол бар болғаны сенім. Баланың ата-анасы өтініш жасап, ол да сол адамдай болсын деп ырымдайды. Мысалы, белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаевтың аузына ақын Мағжан Жұмабаев, атақты заңгер Еркін Баймурзиннің аузына нағашысы, қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқанов түкірген деседі. Сондықтан, ата-баба тарихынан келе жатқан ырымның астарынан гигиеналық кемшіліктер іздеудің қажеті жоқ», — дейді ол.

Айта кетейік, қазақстандық белгілі әншілердің бірі Мейрамбек Бесбаевтың да бала кезінде аузына композитор, әнші, Қазақстан халық әртісі Алтынбек Қоразбаев Нұрғиса Тілендиевке түкірткенін бірнеше сұхбатында айтқан болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*