Шымкентте коронавирус жұқтырған 11 адам тіркелді

Шымкент қаласында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 8 адам анықталды.
Аталған науқастардың барлығы қалада вирус жұқтырған үшінші азаматтың отбасы мүшелері мен туыстары.
Науқастар қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аурханасына оқшауланды.
Бүгінде Шымқалада коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.

Ал Түркістан облысында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды. Жетісай ауданынан — 3, Кентау қаласы -1, Ордабасы – 1, Сайрам -1 науқас тіркелді.
Кентаудан анықталған азамат Жетісай ауданынан шыққан науқаспен байланыста болған.
Ордабасы мен Сайрам ауданының екі тұрғыны Шымкент қаласында диагнозы расталған азаматтың туыстары.

Науқастардың барлығы қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде Түркістан облысында коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*