ШЫМКЕНТ: 8- ШАҒЫНАУДАН КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ

Шымкент қаласында 4 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді. Осыған орай, Шымкенттегі 8-шағынауданда (№53 көпқабатты үй) карантин жарияланды.


Індетті жұқтырған 24 жасар азаматша 8-шағынауданда тұратын ата-анасына Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Науқас ауруханаға жатқызылып, оқшауланған. Қазіргі таңда жағдайы қалыпты. Қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізілуде. Науқаспен байланыста болған 21 адам анықталып, олар да оқшауланды (оның алтауы жақын туысы).

Бүгінде қалада жалпы коронавируспен 12 адам тіркеліп отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*