БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТОЛЫҚ ТӨЛЕНЕДІ

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шымкент қалалық өңірлік комиссиясының шешімімен қаладағы барлық балабақшалар қызметінің уақытша тоқтатылған мерзімінде меншік түріне қарамастан барлық балабақша қызметкерлерінің жалақылары толық көлемде сақталу туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат мәлімдеді.
Қазіргі таңда қаламызда 75 386 бала болса, 521 балабақша бар. Олардың 82-сі мемлекеттік, 439 – жекеменшік.

Айта кетейік, Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 24.03.2020 жылғы «Санитариялық індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» №5 қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың 26 наурызынан бастап барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меншік түріне қарамастан жұмыстары тоқтатылған болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*