ОНЛАЙН ДӘРІСТЕРДІ ЖЕРГІЛІКТІ ТЕЛЕАРНАЛАР ДА КӨРСЕТЕДІ

222 мың оқушы 6 сәуірде басталатын IV тоқсанда республикалық және жергілікті арналар мен интернет платформаларының көмегімен білім алады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, қаладағы мемлекеттік 147 және жекеменшік 25 орта білім беру ұйымы қашықтан оқыту жүйесіне дайын.

Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева онлайн білім беру жүйесіне қатысты мәселелер толық шешімін табатынын айтты.

— Қолжетімді платформаларда онлайн сабақтар өткізу 214 613 (96,7%) оқушыны құрайды. Электронды журнал Kundelik және WhatsApp мессенджері арқылы кері байланыс орнатылады. «Балапан» және «Еларна» телеарналар арқылы 7 424 (3,3%) оқушы қамтылады. Бұдан бөлек жергілікті арналар онлайн дәрістерді қайталап береді. Сонымен қатар, жергілікті телеарналары арқылы бейне сабақтарды қайталап көрсету жұмыстары ұйымдастырылады, — деді Жанат Арысбекқызы.

Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, Шымкенттегі 147 мектептің 25-і жеке меншік.

– Білім басқармасы 222 мыңнан астам оқушының материалдық жағдайын саралап, оларды бірнеше топқа бөлді. 30364 бала аз қамтамыз етілген отбасыдан шыққан. Оның 17 мың 616 компьютер қажеттілігі туындаған. Бұл мәселені шешу мақсатында қала мектептеріндегі 10 192 компютер оқушыларға таратылып берілді. Ал, қалған 7424 балаға қажетті компьютер сатып алу үшін республикалық бюджеттен 2250,0 миллион теңге бөлінді. Ол қаржыға 9000 компьютер сатып алуға мемлекеттік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұл жуық арада шешіледі, — деді басқарма басшысы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*