ШЫМКЕНТТЕГІ БЛОК БЕКЕТТЕРДЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚ БЕРІЛУДЕ

Үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласы аумағындағы блок бекеттерде тұрған қызметкерлерге үш мезгіл ыстық тамақ жеткізілуде.
Мұндағы полицейлер мен әскерилерге және медицина мамандарына жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілер қолдау білдіріп, ас-ауқат жеткізіп, тегін таратуда.

Қала аумағында карантинге жабылған аумақтарда кезекшіліктегі азаматтарға ас апарған еріктілер:
– Төтенше жағдайдың жауапкершілігін жақсы түсінеміз. Сондықтан шектеулерді сақтап, бір-бірімізді қолдап, бірлесе еңбек еткенде ғана дертті ауыздықтай аламыз,-дейді.

Бүгінде қала аумағында 669 қызметкер жұмылдырылған 18 блок бекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр. 3 ауысыммен қызмет ететін посттарға 237 полиция қызметкері, 168 қарулы күштер, 60 Ұлттық ұлан сарбаздар мен 204 медицина маманы бар.

Санитарлық нормалар бойынша жұмыс істейтін мамандар тұратын аумақ жиі-жиі залалсыздандырылып, бейнекамералармен және әуеден бақылайтын дрондармен қамтылған.

Бекеттерде транзиттік көліктер мен олардың жүргізушілерін тексеру қатаң бақылауға алынған. Және де қала тұрғындарына барынша сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертіліп жатыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*