6-сәуірден бастап Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуді бастайды. Тұрғындар картасымен базарлар мен сауда орындарында төлем жасай алады.
Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, банктік картасы жоқ азаматтар банктерге қоңырау шалу арқылы немесе онлайн тапсырыс бере алады.
Дайын картаны банктер үйлеріңізге жеткізіп береді. Сондықтан банкоматтағы ақшаларыңызды шешіп алудың аса қажеттілігі жоқ.
Сондай-ақ қала әкімдігі кәсіпкерлер мен ірі және шағын сауда нүктелерінің иелерінен тұрғындардан қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың мүмкіндігін қарастыруды сұрады.
«Төлем картасын қабылдайтын құрылғы орнатпаған нысандарға әкімшілік шара қолданылып, тіпті қызметін тоқтататынын хабарлаймыз»,-делінген хабарламада.