ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкент қаласы тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, шаһардағы қоғамдық орындар мен көшелер, тұрғын үйлердің аулалары тұрақты түрде дезинфекциялануда.

Бүгін залалсыздандыру жұмыстары Әл-Фараби ауданы аумағындағы А.Байтұрсынов, К.Тоқаев, Ғ.Иляев, Тәуке хан, Түркістан, Т.Әлімқұлов, Т.Орынбаев, І.Есенберлин көшелерінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріне жүргізілді.

Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*