ШЫМКЕНТТЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЕКІ БАҒЫТ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕДІ

6-сәуір күні Қазақстанда қашықтықтан оқыту басталды. Шымкентте жалпы 172 мектепте 222 037 оқушымен ІV-тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастады.

Қашықтықтан оқыту екі бағытта жүргізіледі, оқушы екеуінің біреуін таңдай алады.
Бірінші бағыт, қол жетімді платформаларда қашықтықтан оқу. Электрондық журнал «Kundelik» және «WhatsApp» мессенджері арқылы кері байланыс орнатылады. Интернет жылдамдығы төмен болған жағдайда, екінші бағытқа көше алады.

Екінші бағыт, «Балапан» және «Еларна» телеарналар арқылы қашықтықтан сабақ кестесіне сәйкес оқыту. Сонымен қатар, жергілікті телеарналары арқылы бейне сабақтарды қайталап көрсету жұмыстары ұйымдастырылуда.
«Kundelik» электронды журналы, «WhatsApp» мессенджері, ұялы байланыс арқылы интернетке қосылу мүмкіндіктері болған уақытта кері байланыс орнату арқылы жүзеге асырады.

Оқу процесінде қашықтықтық технологияны қолдану бойынша 17 253 мұғалім білімін жетілдірді.
Қашықтықтан оқытуға байланысты қалалық білім басқармасынан Call-центр ашылды – телефон: 8 7252 39-49-26, ватсап, телеграмм: +7 702 770 16 00, +7 701 158 05 55, +7 702 253 96 47, +7 701 131 41 31
Алдын қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева онлайн білім беру жүйесіне қатысты мәселелер толық шешімін табатынын айтқан болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*