БАНК БӨЛІМШЕ АЛДЫНДА КЕЗЕК КҮТЕТІН АРНАЙЫ ЖОЛАҚТАР СЫЗЫЛДЫ

Бұл туралы «Halyk Bank» АҚ Шымкент өңірлік филиалы директорының орынбасары Айжан Досымбекова мәлім етті.
Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Шымкенттегі Halyk Bank қалалық бөлімшелері банкоматтардың жанында арақашықтық белгілерiн сызды. Бұл клиенттер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау үшін жасалған, кезек күтетін орындардың арасы бір метр.

— Банк бөлімшелерінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық сақтық шаралары күшейтілген. Онда маскалық тәртіп қатаң сақталады, кеңесшілер қолғаппен жұмыс істейді. Қазір зейнетақыларды беріп аяқтадық. Соған байланысты айдың басында банк алдында халық қарасы көп болып еді, қазір ол азайды. Жалпы банкоматтардың алдында 100-ге жуық ерікті мен полицейлер тәртіпті қадағалап, көмектесуде, — деді Айжан Досымбекова.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*