ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ 90 ПАЙЫЗЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңы және 400 ойын алаңы бар. Қазіргі таңға көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістеріне және басты көшелер мен ішкі орамдық көшелердің 90 пайызына дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады.

Осы орайда, аудан тұрғындары тарапынан дезинфекция жұмыстары бойынша қосымша сұрақтар болса, шұғыл аудан әкімі аппаратының 54-96-54 кезекші телефонына хабарласу керектігін хабарлайды. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі alfarabi.shymkent (Инстаграм парақшасы) және Әл-Фараби Ауданы Әкімінің Аппараты (Фейсбук парақшасы) парақшалары арқылы тұрғындар өтініштері мен пікірлерін білдіре алады.

Сондай-ақ, алдын Шымкент қаласындағы ірі сауда орындарының іргелес жатқан аумақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатқаны жайлы хабарлаған болатынбыз.
Кезекті дезинфекциялау жұмыстары Тәукехан даңғылы, «Магнум» сауда маркетінде жүргізілді. Оған 35748 әскери бөлімнің 30 қызметкері және 1 АС машина жұмылдырылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*