ШЫМКЕНТТЕ БЛОК-БЕКЕТТЕР МЕН БАЗАРЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы коронавирусқа қарсы күресті күшейту үшін енгізілген шектеу шараларының сақталуын бақылау жүргізу мақсатында Шымкенттегі бірқатар блок-бекеттер мен базарларда бақылау жұмыстарын жүргізді.

Партиялықтар қаладағы Қапал батыр көшесінде орналасқан блок-бекетте көлік жүргізушілерінің қаншалықты карантин талаптарын орындап жатқанын бақылап көрді. Карантин талаптары орындамаған көп жүргізушілер кері үйіне қайтарылды.
Сонымен қатар халық жиі тұтынатын тауарлардың бағасының тұрақтылығына талдау жүргізілді.

Шымкент қаласы бас санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес, барлық базарлар мен азық-түлік дүкендері 10.00-21.00 аралығында жұмыс істеу керек екендігін ескертті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*