Бүгін бүкіл әлемге танымал қазақстандық былғары қолғап шебері, кәсіби боксшы Геннадий Головкиннің туған күні
Геннадий Геннадиевич Головкин 1982 жылы 8 сәуірде, Қарағанды қаласында, шахтердің отбасында дүниеге келген. GGG «Бокстағы аңыз адам»
Әуесқойлар арасында әлем чемпионы, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, кәсіпқой бокста IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.
Головкин өткен күзде украиналық Сергей Деревянченкомен болған жекпе-жекте IBF және IBO бойынша әлем чемпионы белбеуін жеңіп алып, өзінің туған күніне ең үлкен сыйлық жасады. Бұған дейін, Геннадий WBC және WBA Super нұсқалары бойынша чемпион атағына ие болған еді.
Жалпы, Головкин кәсіпқой рингте 42 жекпе-жек өткізді. 40 рет жеңіске жетіп, бір рет тең түсіп, бір жеңіліске ұшырады (бұл көптеген сарапшылар мен бокс жанкүйерлерінің пікірінше, шешім дұрыс шықпаған). Тоғыз жыл ішінде қазақстандық шебер қатарынан 23 рет нокаутпен жеңіске жетті, сонымен қатар аты аңызға айналған Бернард Хопкинстің рекордын қайталап, атақтарын қатарынан 20 рет сәтті қорғады.