Ел көңілі әртарапқа бөлініп, үміт пен күдік қатар тайталасып тұрған тұстағы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеу жолдауы – жабырқаған көңілдерге жылу сыйлайтыны сөзсіз. Бүгінгі күні «Бірінші байлық-денсаулық», екендігін әлем халқы, жер жүзі түгелдей түсініп отырғандығы анық.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша салынған жүздеген заманауи ауруханалар мен емханалардың бәрі де осындай алмағайып кезеңдегі сындарлы сәтті еркін еңсеріп өтуіміз үшін барлық жағынан қолдау көрсетуде. Мемлекет тарапынан қарастырылған қамқорлық, ұлттық қордан бөлініп отырған қаражаттың бәрі де адам үшін, адам өмірі үшін жасалып жатқан игілікті істер екендігі күмәнсіз. Көреген Елбасымыз осындай күрделі кезеңде ел ішіне үрей таратып, өз мүддесі үшін байбалам салушылардың арзан әңгімесіне алданып қалмауымызды орынды ескертіп отыр.«Шынымен көптің қамын көздейтін адам айғайшыл күшімен емес, игілікті ісімен қызмет еткені дұрыс».
Тарих таспасын кері айналдырып көрсек дөңгеленген дүниеде қаншама ауыр індеттер, сұрқия соғыстар, келеңсіз келіспеушіліктер аз болған жоқ. Адамзат баласы сондай сұрапыл сынақтардың бәрін де темірдей тәртіппен жеңе білді. Біз де бүкіл әлемді алаңдатып отырған ауыр індеттен бірлігімізді берік ұстай білсек қана жеңіп шығарымыз анық. Сондықтан да жарияланып отырған шектік шараларын қатаң қадағалап, өзіміздің де, өзгелердің де амандығын ойлаудан жаңылмағанымыз жөн!
Анар Жаппарқұлова, «Отырар» қалалық ғылыми әмбебап
кітапханасының директоры