ЕРІКТІЛЕР АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕКТЕСТІ

Шымкентте қалалық Жастар ресурстық орталығы мен еріктілер ұйымдары аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуді жалғастыруда.

Бүгін «Ізгілік» қайырымдылық қорының мүшелері қашықтықтын оқытуға мүмкіндігі болмай отырған бірқатар отбасыға теледидарлар мен азық-түлік себеттерін тарту етті.

«Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық оқушылар қашықтықтан оқу жүйесіне көшкені мәлім. Еріктілер үйінде теледидардың жоқтығынан сабаққа тұрақты қатыса алмай отырған балалардың бар екенін анықтап, бүгін 4 отбасыға қуаныш сыйлады. Осындай қиын уақытта біздің бастамамызға қолдау көрсетіп, қолда бармен бөлісіп жатқан қала тұрғындарына алғыс айтамыз», — дейді қор жетекшісі Данияр Райымбек.

Шымкенттік еріктілер қиын сәтте мұндай көмек шараларын тұрақты жалғастыратынын алға тартады.
Айта кетейік, ерікті жастар санитарлық талаптарға сай медициналық маскалармен, антисептиктермен қамтамасыз етілген.
Және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 2020 жылды еріктілер жылы деп атап өткенін де еске сала кеткенді жөн санадық.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*