Шымкентте коронавирус жұқтырған тағы 4 адам анықталды

Ауру жұқтырғандардың төртеуі де Шымкент қаласында тіркелген. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын.

«ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланған Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде»,-дейді мамандар.
Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынған. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ал Қазақстандағы 9 сәуірдің 14:55 уақытындағы коронавирус жұқтырғандар саны 764-ке жетіп отыр.
Осы сағатта: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 223 адам; Алматы қаласында – 121 адам; Қарағанды облысында — 57 адам; Ақмола облысында — 56 адам; Атырау облысы — 42 адам; Жамбыл облысында — 45 адам; Шымкент қаласында — 27 адам; Шығыс Қазақстан облысында — 6 адам; Алматы облысында — 10 адам; Ақтөбе облысында — 11 адам; Солтүстік Қазақстан облысында — 25 адам; Павлодар облысында — 1 адам; Маңғыстау облысында — 7 адам; Қызылорда облысында — 92 адам; Батыс Қазақстан облысында — 4 адам; Түркістан облысында — 34 адам; Қостанай облысында — 3 адам, жалпы 764 науқас тіркелді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*