Шымкентте«BIRGEMIZ» қоры 21864 отбасыға көмек береді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры құрылып жұмыс жүргізуде.

Қорға еліміздегі ірі кәсіпкерлер, ауқатты азаматтар, жетекші компаниялар қолдау білдіруде. Қордың басты мақсаты — СOVID-2019 індетіне қарсы күресті күшейту, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек беру.

«Nur Otan» партиясының ұсынысына сәйкес «Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасы негізінде қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен аудан әкімдіктері ұсынған жеті санат бойынша аса мұқтаж отбасылардың тізімі жасақталған.

Қаладағы халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында аудан әкімдіктері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп, көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізіп, аса мұқтаж отбасыларды іріктеп, арнайы тізімге енгізді. Енді Шымкент қаласы бойынша 21864 отбасы 50 мың теңге көлемінде көмек алатын болады.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының баспасөз хатшысы Фатима Хикметова: «Бүгінгі таңда «Birgemiz-Shymkent» қоры арқылы 8804 қала тұрғынының есеп шотына қаржы аударылды. Бұл жұмыстар жалғасып, 15-сәуірге дейін тізімге ілінген аса мұқтаж отбасылардың барлығына көмек көрсетілетін болады»,-дейді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*