ШЫМКЕНТ: БЛОК-БЕКЕТТЕРГЕ ТҮСКІ АС ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қалалық өкілдігі мен «Зекет» қайырымдылық қоры Шымкент қаласында орналасқан Жыланбұзған, Жыланбұзған-1, Абдулабад, Өтеміс, Көкбұлақ, Қызылсу, Мәртөбе, Сиқым, Бозарық, Қайнарбұлақ, Бадам, Жаңаталап, Ақжар (Ақтас) Таскешу, Еңбекші, Айкөл, Шапырашты, Текесу сынды 18 блок-бекетте тұрған 320 азаматқа тегін түскі ас (палау, салат, нан) таратты.

Ізгілікте жарысып, игілікті ісімен көпке үлгі болған имамдардың бұл ісі құрметке лайық. Себебі, қала орталығынан алшақ орналасқан бекеттерде уақытылы тамақтанудың да реті келе бермейді екен. Мұндағы тынымсыз тірліктен де бір сәт босаңсуға мүмкіндік жоғын байқауға болады. Әрлі-берлі қатынауды сұраған қарапайым халықтың да саны азая қоймаған. Үйден шықпай темірдей тәртіпке бас игенде ғана аты жаман індетті жеңуге жол ашылатынын мұндағы халық ұға қоймаған сыңайлы. Осы үшінде қала карантинге жабылып, посттар қойылған болатын.

Айта кетейік, елімізде төтенше жағдай енгізуіне орай, Шымкент қаласына кіріп-шығатын жерлерге блок-бекеттер орнатылып, азаматтар мен көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылған болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*