Үш жасар бала 4 сантиметрлік шеге жұтып қойған

Шымкент дәрігерлері үш жасар баланың асқазанынан 4 сантиметрлік шеге алып шыққан. Жедел жәрдеммен қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген баланың жағдайы алғашқыда орташа ауыр дәрежеде еді дейді дәрігерлер.

Анасының айтуынша, пәтерлерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Кішкентай баласының белгісіз затты аузына салып, жұтып қойғанын көргенде, ойланбастан жедел жәрдемге хабарласыпты.

Жедел жәрдем көмегімен қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген баланың асқазанын дәрігерлер шұғыл түрде видеогастроскопия аппаратымен тексерген. Одан соң ауруханадағы білікті хирургтар Түлкібай Әкім және Құрманалиев Асанбайдың жетекшілігімен балақайға жабық ота жасалды. Мамандар асқазанда тұрып қалған шегені ота жасамай, эндоскопиялық жолмен алып шыққан.

Дер кезінде балақайға көмек көрсетілмесе, соңы қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін еді дейді мамандар.
Қазір балақайдың жағдайы жақсы. Анасымен бірге үйіне шығарылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*