КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАС ВАРШАВАДАН ҰШЫП КЕЛГЕН

Шымкент қаласында 14 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді.

Науқас 2000 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны. Ол 13 сәуір күні «Варшава-Актобе-Шымкент» әуе рейсімен Шымкент қаласына ұшып келген. Науқас бірден әуежайдан оқшауланып, каратинге станционарға жатқызылған. 14 сәуір күні науқастан алынған сынама оң нәтиже көрсеткен. Науқаспен бір рейсте ұшып келген Шымкент қаласының 9 жолаушысы және 2 бортсерік оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.

Бүгінде қалада коронавирус жұқтырғандар саны 39-ға жетті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*