Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қала тұрғындарына азық-түліктің жеткіліктілігіне көз жеткізу мақсатында «Санжар» сауда-логистикалық орталығының жұмысымен танысты.
Орталықта «Сұлтан», «Маркетинг», «Аделина», «Алина-3», «Дариол», «Масло-Дел» ЖШС-і орналасқан. Негізінен онда сақталатыны — азық-түлік тауарлары. Қазіргі таңда орталыққа күндігіне 350-400 тоннаның көлемінде азық-түлік әкелініп, таратылуда.
Тауарлар Қазақстанның бүкіл аймағынан және алыс, жақын шет мемлекеттерден (Пәкістан, Иран, Қытай, Ресей, Беларусь және т.б.) жеткізіледі. Бір ғана Масло-Дел ЖШС-і күндігіне 10 тоннаға жуық тауарын қала тұрғындарына ұсынуда және ірі сауда орталықтарына мекеме өзі жеткізіп беріп отырады. Мекеме басшылары елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері өнімдерге сұраныстың екі есе артқанын айтып отыр.
Алдын Шымкентте ауыл шаруашылы5ы да0ылдары егілетін жерлер 1 мың гектарға артқанын хабарлаған болатынбыз. Ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбековтің мәліметінше, қала аумағында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 62,6 мың га құрайды. Оның ішінде, егістік жер — 39,5 мың га, суармалысы — 11,0 мың гектар.