ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАР ЖАЙЛЫ

Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған тағы бір жағдай анықталды. 15.04.2020 жылғы сағат 00:00-дегі мәлімет бойынша қалада індетке шалдыққандар саны 40 қа жетіп отыр.

Соңғы ауру жұқтырған азаматша 1997 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, одан зертханалық сынама алынған. Өкінішке орай, диагностикалық зерттеу қорытындысынан COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Сондай-ақ, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидэмиологиялық зерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*