Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан 1 миллион бетперде келіп жетті.
Игі шараны жүзеге асыру үшін аталған қордың Қамқоршылық кеңесі «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына медициналық бетпердені тегін тарату үшін 5 миллион маска сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын.
Медициналық бетперделер халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға беріледі. Әр отбасыға 50 данадан үлестірілетін болады. Яғни, аталмыш көмекті қаладағы 20 мың отбасы ала алады. Медициналық бетпердені әр аудан әкімдігі еріктілермен бірге аталған отбасыларға жеткізіп бермек.
Алдын «Birgemiz» қорынан 11 мың 997 шымкенттіктің есепшотына 50 мың теңгеден қаржы аударылғанбарлаған болатынбыз.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының мәліметінше, 15- сәуірге дейін тізімге ілінген 21 864 мұқтаж отбасының барлығына көмек көрсетіледі деген болатын..
Айта кетсек, қаладағы аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қолдау мақсатында қалаға қарасты 4 ауданның әкімдіктері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізген. Олардың арасынан аса мұқтаж отбасылар іріктеліп, арнайы тізімге енгізілген.