ШЫМКЕНТТЕ 41 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ СЫРТ КЕЛБЕТІ ЖАҢАРДЫ

«2020 жыл – Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» болып жарияланды. Осыған орай, тарихы тереңде жатқан көне шаһардың көркін жаңғырту бағытында бірқатар игі бастамалар қолға алынды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қаладағы Республика және Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан 41 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері 12 компанияның демеуімен жөндеуден өтті. Барлық үйлердің сырты заман талабына сай мәрмар тастармен қапталды.

Ертеректе салынған үйлердің сыртын жаңғырту жұмыстарына жергілікті «Отау-Строй», «А.Р.Т-Құрылыс», «Корпорация Ақ Ордасы», «Каз Медео Гранд», «Kanfar Building» «Шымкентстрой», «Югстройсервис-Н», «Dala-Сonstruction», «Бекстройсервис», «Лидер-НК», «Дани Нан», «Автогаз Трэйд» сынды инвестор үлес қосып, 41 үйдің сыртын толығымен жаңартты.

Сапалы құрылыс материалдарымен жаңартылған үйлердің жаңғырту жұмыстарына 10 компания жұмылса, 2 ұйым жөндеуге қажетті заттарды уақытылы жеткізіп, тұрғындардың ыстық ықыластарына бөленді. Карантиннен шыққан үшінші мегаполистің тұрғындары шахардың жаңа келбетін көретін болады деп жоспарланып отыр. Ол үшін төтенше жағдай кезінде де құрылыс саласы жұмысын тоқтатқан жоқ.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*