Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 321 344 адамнан өтініш түскен.
Оның ішінде 162 740 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 155 383-ның өтініштері тағайындалуға жатпайтындығы анықталып, кері қайтарылған.
Аталған әлеуметтік төлем тағайындалған 162 740 адамның ішінде 151 442-ы өтініштер бойынша, 11 298-ы проактивті түрде тағайындалып (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар), 146 045 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік төлем төленген.