«ӘЛЕМ ОЙШЫЛЫ-ӘЛ ФАРАБИ» МҮШАЙРАСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бастамасымен «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы» ғұлама ғалым, «Екінші Ұстаз» атанған Әбу Нәсір Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әлем ойшылы – Әл Фараби» атты мүшәйра жариялады.

Мүшәйра шарттарына толығырақ тоқталсақ:

Мүшәйра мақсаты: Ғылымның барлық салаларында өлмес мұра қалдырған дана ойшыл Әл-Фарабидің өмір жолын, адамзатқа ортақ құнды қазыналарын, ғылыми еңбектерін өлеңге арқау етіп, көпшілік қауымға насихаттау.

Мүшәйра шарты:

Мүшәйраға 18-35 жас арасындағы үміткерлер қатыса алады. Өлеңнің көлемі екі беттен аспауы тиіс.

Қатысушылар 29-сәуірге дейін WhatsApp желісінің 87021131839, 87476571445 телефон номеріне Әл-Фараби тақырыбында шығарған өлеңін жолдап, instagram желісінің @shimkent_madeniet_baskarmasi, Отырар кітапханасының facebook желісіндегі https://www.facebook.com/ms.otyrar парақшасына тіркеліп және тегтеп посттың астына #Фарабимүшәйра #BizBirgemiz хештегтерімен желідегі өз парақшаларында мүшәйраға жолдаған өлеңдерін жариялаулары тиіс.

Мүшәйра жеңімпазын қазылар алқасы анықтайды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*