Коронавирустан көз жұмған Жетісай қаласының тұрғыны 66 жаста болған.
Шымкентте 15 сәуір күні COVID19-дан қайтыс болған ер адам Жетісай қаласының тұрғыны.
1954 жылғы науқас Жетісай қаласы, Мақтарал ауданы, Түркістан облысының тұрғыны, зейнеткер. Азамат Жетісай қаласындағы орталық аудандық ауруханада коронавирусты инфекциямен ауыратын науқаспен жақын байланыста болған. 1 сәуірде ер азаматта коронавирус инфекциясы анықталды.
2020 жылғы 4 сәуір күні жағдайының нашарлауына байланысты науқас санавинация арқылы Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан ИВЛ аппаратына қосылған. Науқастың қосалқы аурулары да болған. Олар: вирустық гепатит, бауыр циррозы, қант диабеті, созылмалы панкреатит.
Емдеу хаттамаларына сәйкес науқасқа барлық қажетті емдеу іс-шаралары жүргізіліп, бірнеше рет республикалық мамандармен кеңестер өткізілді. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, науқас 15 сәуір күні сағат 15.00-де науқас қайтыс болды.