«ҮЙДЕ БІРГЕ ОҚИМЫЗ!» ЖОБАСЫНА 600-ДЕН АСТАМ ЖАС ҚАТЫСУДА

Жастар арасында оқу мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «үйде бірге оқимыз» байқауына 600-ге жуық оқырман қатысамыз деп белсенділік танытып отыр.

«Үйде бірге оқимыз!». Дәл осы атаумен Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында челлендж бастау алды.

Жастар арасында оқу мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 600-ге жуық оқырман белсенділік танытып отыр. Карантин кезеңінде бос уақыттарын тиімді өткізіп жатқан қатысушылардың дені студенттер мен оқушылар. Төтенше жағдайға байланысты кітапханалардың жабық болуына қарамастан қатысушылар, оқулықтардың электронды нұсқаларында тауып қызығушылық білдіруде. Оқырмандардың басым бөлігінің таңдауы әдеби кітаптарға түскен. Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылардың арасында шетелдік және ағылшын,орыс тіліндегі кітаптарды оқып жатқандар да бар.

Айта кетейік бас жүлде иегеріне — Phone Pro 11 сыйға берілсе, белсенді қатысушыларды өзге де тосын сыйлар күтуде. Жеңімпаздар 30 сәуір күні тікелей эфирде сағат 17:00-де анықталмақ.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*