Індет жұқтырған 11 азамат 1956 ж., 2004 ж., 1978 ж., 1981 ж., 1977 ж., 1992 ж., 1967 ж., 1946 ж., 1969 ж., 1968 ж., 1979 ж. туылған Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Ауру жұқтырған 11 азамат екі отбасының мүшелері.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланған.
«Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде»,-дейді мамандар.
Осыған байланысты үш ошақ анықталған: «Самал-2» шағынауданы, «Тассай» тұрғын алабы және Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығы.
18.04.2020 жылғы жағдай бойынша Шымкент қаласында COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 57 адам анықталып отыр.