ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР ЖАЙЛЫ

Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған тағы 4 науқас тіркелді. Ауру жұқтырған азаматтар 1964ж, 1984ж, 1985ж, 1991 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Науқастар 17-сәуір күні коронавирус инфекциясы анықталған 1966 жылғы адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

«Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде», дейді мамандар.

19.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 62 адам анықталды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*