65 ЖАСТАН АСҚАН АЗАМАТТАРҒА ҮЙДЕН ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

65 жастан асқан азаматтарға және 18 жасқа толмаған азаматтар тұрғын үйден ересек адамның сүйемелдеуінсіз шығуына тыйым салынды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті.

«Бұл ретте Шымкент қаласының полиция Департаментінің, Ішкі істер Министрлігінің Ұлттық гвардиясының, қорғаныс Министрлігінің әскери құрылымдарының күштерімен карантиндік аумақты патрульдеу тапсырылды, — деді қала әкімінің орынбасары М. Исахов.

Сондай-ақ, брифингте сөз алған Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Алмат Қосалиев қала тұрғындарына карантин талаптарын орындап, мамандар ұсынған нұсқаулықтарға жіті құлақ асуға кеңес берді.

– Тұрғындарға айтарымыз, үйден шықпай, сабырлық сақтап, түсіністікпен қарап, шектеулерді мүлтіксіз орындауға сіздерді шақырамын, — деді ол өз сөзінде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*