ШЫМКЕНТТЕ 235 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ

Мемлекет басшысы індеттің кесірінен ісі тұралап, табысынан айырылған қазақстандықтарға қолдау көрсету үшін Үкімет мүшелеріне бірқатар тапсырма жүктеген еді. Соның бірі — төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған жандарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындау болатын.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалада 235 мыңнан астам адамға аталған көмектің тағайындалғанын атап өтті.

— Бүгінге дейін Шымкент қаласынан 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті алуға 400 мыңға жуық адам өтініш білдірген. Оның ішінде 235 мыңнан астам азаматтың өтініші қанағаттандырылған, — деді қала әкімінің орынбасары.
Қосымша хабарлай кетсек, 400 мыңға жуық өтініштің 165 мыңдай азаматтың әлеуметтік төлем тағайындау қатарына жатпайтындығы анықталған.

Олар өтінішті бірнеше рет қайталап берген, жұмыс жасайтын азаматтар, зейнеткерлер, күндізгі бөлімде оқитын студенттер, қайтыс болған азаматтар және де басқада себептермен тағайындауға жатпайтын азаматтар атынан берілген өтініштер.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*