САУДА ОРЫНДАРЫНДА ТӨЛЕМДЕР ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЖАСАЛАДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.
— Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! «COVID-19» каронавирустың таралуының негізгі тәуекелі адамдар көп жиналатын орындар, оның ішінде — банкоматтар.

Коронавирустың таралуын азайту мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі келесі қолма-қол ақшасыз есеп айырысу әдістерін қолдануды ұсынады:
— банк картасымен төлеу;
— мобильді банктік қосымшалар;
— төлем операторларының онлайн-сервистері, — делінген басқарманың хабарламасында.

Айта кетсек, бүгінгі таңда шаһардағы сауда нысандарында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мүмкіндіктері қарастырылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*