ШЫМКЕНТТЕ 17-НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Шымкентте тағы бір науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққан 1994 жылғы азамат қаладағы «Солтүстік Батыс» шағынауданының тұрғыны.

Дертінен сауыққан жігіт 5-сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуымен түскен. Инфекция жұқтырған 25 жасар азамат вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ,- дейді мамандар.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 22-сәуір күні ауруханадан шығарылған.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 17 науқас дертінен айығып шықты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*