ШЫМКЕНТ: МОНИТОРИНГТЕ 946 АЗАМАТ БАҚЫЛАУДА

Шымкент қаласының ТЖД-нің мамандары арасында 17-21 сәуір аралығында COVID-19 36 жағдай тіркелді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр арнайы өткен брифингте хабарлады. Мамандардың ішінде 2 бөлім басшысы, 18 бас маман, 16 өрт сөндірушілер. Олар алдын инфекция анықталған ТЖД-де жұмыс істейтін 1977 жылғы азаматпен жақын қарым-қатынаста болуына байланысты, стационарлық карантинге оқшауланды.

Сондай-ақ, коранавирус инфекциясы Македония Республикасынан келген 1998 жылы туған азаматтан анықталды. Науқас ЖРВИ-мен ауырып, жедел жәрдемге шағымданған. Кейін 103-қызметімен инфекциялық ауруханаға жеткізілген.

Бұл науқастарда диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша ПТР-диагностика әдісімен «COVID-19» диагнозы нақтыланды.
Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес, тиісті емдеу жүргізіледі. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды. «COVID-19» ауыратын науқастар тіркелген ошақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Шымкент қаласында бүгінде «COVID-19» бойынша 103 жағдай тіркелген. Ауырғандардың жас санаттары бойынша 3 жасқа дейінгі балалар-4 (3,8%), 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – 10 (9,7%), 18-55 жастан 79 (75,7%), 55 жастан жоғары – 10 (9,7%). Ерлер-47 (45,6%), әйелдер – 56 (54,4%), оның ішінде балалар – 14 (13,5%). 103 оқиға – 6 әкелінген (5,8%), 11 – Жергілікті (10,7%), 86 – байланыстағы (83,5%).

Барлығы 659 адам карантиндік және провизорлық стационарларға жатқызылды. Эпидемиологиялық маусымда мониторингте барлығы 1592 азамат болды, оның 646-сы бақылаудан алынды. Қазір мониторингте 946 азамат бақылауда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*