ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТІҢ ТУҒАНЫНА 102 ЖЫЛ

Бүгін Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 102 жыл толды.

Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген.

Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, партизан, аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті.
Қасым Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген, оқушы жұртшылыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы.

1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді.
Одан кейінгі кездерде «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді.
Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған.

Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*