Шымкентте тағы бір науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққан азамат — «Тәуелсіздікке — 20 жыл» тұрғын алабының тұрғыны.
Дертінен сауыққан жігіттен дәрігерлер 6 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтап, 24 жастағы азамат вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған.
Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 23 сәуір күні ауруханадан шығарылды.
Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 18 науқас дертінен айығып шықты.