ҚР Президентінің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасы аясында құрылған «Сommunal-komek.kz» электронды порталына 12470 шымкенттік тұрғыннан өтініш түскен.
Ал, порталда көрсетілген аудандар бойынша байланыс нөмірлеріне аталған көмек бойынша кеңес сұрап 243 тұрғын хабарласқан.
Айта кетейік, төлемді алу үшін тұтынушы «communal-komek.kz» электронды порталына кіріп, онда көрсетілген санатқа енетін азаматтың жеке сәйкестендіру нөмірін теру қажет. Көмек алушының ЖСН-ін тексерген кейін портал рұқсат берген жағдайда ары қарай жалғастырып, қажетті мәліметтерді (әлеуметтік дәрежеңізді және дербес шот деректеріңізді) енгізесіз.
Жауапты мамандар ұсынылған деректерді тексеріп, мәліметтер расталған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады. Көмек көрсету төтенше жағдай режиміннде болған сәуір және мамыр айларын қамтиды. Әлі де өтініштер қабылданып жатқанын ескертеміз. Өтінішті
1) 1, 2, 3 топ мүгедектері;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
4) көп балалы отбасылар;
5) ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғызбасты зейнеткерлер;
6) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар бере алады.