БІРЛІГІ БЕКЕМ, ЕЛІН СҮЙЕТІН ОТАНШЫЛ ХАЛЫҚ ЕКЕНІМІЗДІ КӨРСЕТТІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бүгін жасаған мәлімдемесінде карантин мерзімі 11 мамырға дейін созылатыны белгілі болды. Президентіміз қауіпті вирус Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдады. Кейбір аймақтарда індет шарықтау шегінен өткен сияқты.
Бірақ бірқатар өңірде вирустың таралу қаупі әлі де сейілмей отыр.

«Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бұл сөздің артында үлкен қамқорлық жатыр.
Елімізде азық-түлік тапшылығы жоғын, жергілікті билік органдары әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын бақылауда ұстап отырғанын да айтты.

Бүгінде шағын және орта бизнес күрделі жағдайға тап болғаны баршаға мәлім. «Оны да реттейміз, кәсіпкерлерге көмек қолын созамыз. Осы салаға қазір көмектеспесек, экономиканы қалпына келтіре алмаймыз» деді Мемлекет басшысы.

Ел басқарып отырған азаматтардың халқымызға төнген зауалды сабырлықпен жеңіп келе жатқаны бұрынғы замандардағы кеудесімен құм, етігімен қан кешкен майдан даласындағы жауынгерлерден еш кем емес дегім келеді. Халқымызда «Қырқына шыдаған қырық біріне де шыдайды» деген мақал бар. «Коронавирусқа жеңіл-желпі қарауға болмайды. Карантин талаптарынан бір сәтте бас тартсақ, дертті қайтадан өршітіп аламыз.

Коронавирус – адамның денсаулығына қатер төндіретін өте жұқпалы індет. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Ал оны жоққа шығарып, жұртқа жалған ақпарат таратудың соңы жақсылыққа апармайтыны белгілі.

Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек беретіні, ол үшін қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоғын, төлем бұрын ұсынылған құжат бойынша жүзеге асырылатыны, мұқтаж отбасылар азық-түлік ала беретіні туралы да айтылды.

Бұл дағдарыс бірлігі бекем, елін сүйетін отаншыл жұрт екенімізді көрсетті.
Жұдырықтай жұмылсақ, кез келген қиындықты жеңеміз!

Рахымберді Мүлкеманов, Шымкент қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*