ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 5 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырғандар 1965, 2004, 2007, 2011, 2012 жылы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

«Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде».-дейді мамандар.

29.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 189 адам анықталды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*