КАРАНТИНДЕ ЖАТҚАН ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында шетелдік студенттерге азық-түлік таратылды. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай Ізгілік елшісі жобасы аясында, Шымкент қаласы Абай аудандық соты мен Шымкентте қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің демеушілігімен, «Жастар қуаты» еріктілер тобы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бірлесе «Біргеміз» акциясы аясында шетелдік студенттерге азық-түлік таратты.

Төтенше жағдайға байланысты ақылы түрде білім алып жатқан шәкірттер жалдамалы пәтерге тұрып жатыр. Өздеріңізге мәлім, карантин кезінде бұл студенттер еліне қайту мүмкіндігі болмаған. Ізгі шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта бұл акция жалғасын табады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*