ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

ҚОЖАНАЗАРОВ Тілеуімбет, ҰОС ардагері

ҚОЖАНАЗАРОВ Тілеуімбет 1925 жылдың 22 қаңтарында дүниеге келген. 1942-1950 жылдары әскер қатарына алынып, 1034-ші дайындық полкінде болған. Одан соң Иркутск қаласындағы авиациялық училищесінде оқып, механик мамандығын алған.

Авиамеханик ретінде Венгрия, Румыния, Украина, Белоруссия үшін болған шайқастарды бастан кешті, сөйтіп Германияға дейін барып қайтқан. Бұдан соң Жапониямен болған ұрыстарға қатысып, екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесін қойды.

1950 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін Түркістан өңіріне көшіп келіп, Шәуілдір, Түркістан қалаларында темір жол машинисінің көмекшісі, ауыл шаруашылығы саласында, Шымкент қаласындағы ет комбинатында механизатор жұмыс істеп зейнеткерлікке шықты.

Соғыс кезінде ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, көптеген мерекелік медальдармен марапатталған. Отбасында 10 баласы, 30 немересі, 18 шөбересі бар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*