ШЫМКЕНТТЕ КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ 150 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Шара шеңберінде Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қызметкерлері, «REGION 13» жолаушылар тасымалдау компаниясы және «Шымкент қаласының Access бітірушілері «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерімен бірлесе 150 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті.

Іс-шараға қолдау көрсетіп, өз көмегін берген азаматтарға алғысымызды білдіреміз!

Еске сала кетейік, 1 мамыр күні Өзбекстан Республикасының аумағында орналасқан Сардоба су қоймасының бұзылуы салдарынан Мақтаарал ауданының бірқатар елді мекені су астында қалды. Бүгінгі таңда ресми деректер бойынша ауданның 10 елді мекені, 800-ден аса тұрғын үйі, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 медициналық нысан су астында қалып, 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Қазірдің өзінде көктем кезінде еңбегі жанатын диқан-фермерлердің 7 600-ге жуық гектар аумағындағы дақылды егетін алқаптарын су басты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсету туралы Үкіметке тапсырма берген болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*