ШЫМКЕНТТЕ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 213-КЕ ЖЕТТІ

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам туралы ақпарат

Вирус жұқтырған 1979 жылы туылған әйел, ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

04.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 213 адам анықталды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*