ЕРЛІК, ЖЕҢІС — БІРЛІКТІҢ ЖЕМІСІ

Мылтықбаев Айтбек, ҰОС ардагері

МЫЛТЫҚБАЕВ Айтбек Ысмайылұлы 1925 жылғы 15 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының «Диқан жолы» ауылында дүниеге келген.

Ол 1943 жылдың 3 қаңтарында әскерге шақырылып, 113-атқыштар полкында зеңбірек нысанашысы болып ұрысқа қатысты.1944-1945 жылдары 569-шы атқыштар полкында мина тазартушы, 1945 жылғы тамыздан қазанға дейін 1213-ші танкке қарсы атқыштар полкында зеңбірек командирі болып, жеңіске өз үлесін қосты. Киев, Львов, Житомир, Прага қалаларын, Югославияны, Польшаны, Румынияны азат етуге қатысты.

Елге 1945 жылы аман-есен оралған соң «Ленин жолы» колхозында еңбек етті. Осы колхоздан зейнеткерлікке шықты. Айтбек Ысмайылұлы І дәрежелі «Отан соғысы», ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, «Ерлігі үшін» медалімен және 7 мерекелік медальмен марапатталды.

Бүгінде ерлік пен еңбектің үлгісіндей қазыналы қария Айтбек Ысмайылұлы 19 немере, 31 шөберенің қызығын көріп келеді.

Жалпы, Шымкент қаласында Ұлы Отан Соғысына қатысып, биыл жеңістің 75 жылдығының куәсі болып отарған 40 ардагер тұрады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*