МАҚТААРАЛҒА ҚОСЫМША КҮШ ЖІБЕРІЛДІ

05.05.2020 жылы сағат 06:00-де Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы техникалар мен қосалқы күш жіберілді.

Көмекке жіберілген техникаларға тоқталсақ, 21 жеке құрам, 4 дана техника (АСО 20 – 1 дана, АЦ – 2 дана, УАЗ – 1 дана) және 6 дана мотопомпа (МП-100) көлемінде қосалқы күштер мен құралдар бағытталды.

Жалпы 2020 жылдың 2-5 мамыр аралығында Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендердегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 40 жеке құрам, 8 дана техника, 1 дана квадрокоптер және 4 дана жүзу құралдары (1 моторлы және 3 үрлемді қайық) құрамында 2 эшалон жолданды.

Еске сала кетсек, кеше Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару қызметі үшін 30 арнайы техника жіберілген болатын.

Өкінішке орай, 2 мамырға қараған түні Өзбекстанның Сырдария облысында жарылған Сардоба су қоймасының суы Түркістан облысы аумағына өткен болатын. Облыста шұғыл штаб құрылып, Мақтарал ауданында төтенше жағдай жарияланған еді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*