ШЫМКЕНТТІК 274 976 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТӨЛЕНГЕН

2020 жылғы 6 мамыр, сағат 09:00 дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 883 адамнан өтініш түскен.

Оның ішінде 278 558 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 249 596 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.

Жалпы әлеуметтік төлем алатын 278 558 азаматтың ішінде 265 776 өтініштер бойынша, ал, 12 782-сіне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 274 976 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған.

Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, қайтыс болған азаматтар атынан түскен.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай енгізілген болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға жәрдемақы төленетінін айтқан еді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*